“Педагогтың шеберліктерін инновациялық үдерісте шындау” атты әдістемелік апталықтың жоспарына сәйкес биология пәнінен Вет 103 топ 1 курс білім алушыларымен “Ферменттер” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың өтілу барысында топтық жұмыстар мен Kahoot платформасы пайдаланылды. Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуы мен қызығушылығы жоғары болды. Интерактивті құралдардың көмегімен материалды терең меңгеру және оқушылардың білімін бағалау тиімді жүзеге асырылды.
Сабақ өте жақсы деңгейде өтті, әрі бұл шара білім алушылардың ғылыми түсініктерін қалыптастыру мен қазіргі заманғы әдістерді қолдану жолында маңызды қадам болды. Пән оқытушысы: С.Ш. Байгутдиева.