Қобда көпсалалы колледжі әлеуметтік педагогтың бірінші жарты жылдық бойынша атқарылған жұмыстарының есебі
Әлеуметтік педагогтың басты мақсаты- жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақытылы көрсетеді;
Тамыз айында 2024-2025 жылға арналған жұмыс жоспарын дайындалынып, әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілді. Жылдық жоспар негізінде төмендегі жұмыстар атқарылды.
Колледж бойынша әр отбасының әлеуметтік статусы анықталып,тізімдері жасалынды. Білім алушылардың жалпы саны:352. Оның ішінде қыз-179; ұл- 173; Жетім және ата ана қамқорлығынсыз қалған білім алушы саны-4 ,толық емес отбасы бала саны-24, әкесі қайтыс болған-7, мүгедек білім алушылар саны -4;толық отбасында тәрбиеленетін -44 білім алушы. Көп балалы-25 отбасы, 100 білім алушы. Өгей әкесімен тұратын -7 білім алшуы.Өгей шешесімен тұратын білім алушы –1.Басқа ауданнан келген білім алушылар саны-254. Жатақханада тұратын білім алушылар саны-26. Жалдамалы пәтерде-4; туыстарының үйінде-8 білім алушы.
Топ бойынша паспорт жинақталынып,бекітілді.Колледж білім алушыларының әлеуметтік картасы және картатекасы жасалынды. Соның ішінде:әлеуметтік ортаға ие болған отбасынан шыққан
- Көпбалалы отбасынан шыққан білім алушылар
- Аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушылар
- Үйде оқитын және мүмкіндігі шектеулі білім алушылар
- Толық емес отбасынан шыққан білім алушылар
- Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан білім алушылар
Өгей әке мен өгей шешемен тұратын білім алушыларды анықтап,болған жағдайда журналға тіркеліп, тізімі жинақталды.Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың ПМПК қорытындылары жинақталып, мүгедек білім алушылар анықталды.
Колледж асханасы 2023 жылдың 1 желтоқсан айынан бастап іске қосылып, барлық білім алушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.
Жоспар бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Қыркүйек айында: Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылардың бейімделуіне байланысты «мен және менің жеке қасиеттерім» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Білім алушылардың тұрмыстық-материалын зерделеу мақсатында үйлерін аралып,акт толтырылды.
Жоспардан тыс «KobdaStom» тіс емханасы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылардың тіс жиектерін тазарту жұмыстары мен қатар емдеу жұмыстарын мемарандумға отыру арқылы, тегін емдеу жұмыстарын ұсынды.
Қазан айында: «Дұрыс тамақтану қағидалары» тақырыбында сауалнама алынып, түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
«Жомарт күз» тақырыбында топ кураторларымен бірігіп қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.Қайырымдылықтан түскен қаржыға көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан білім алушыларға көмек көрсетілді.
Жоспардан тыс 23. 10-30.10.2024 қазан аралығында «Мейірімді жүрек» акициясы аясында білім алушылардың тұрмыстық жағдайын зерделеу мақсатында мониторинг жүргізіліп, соның ішінде материалдық жағдайы төмен екі отбасы анықталды. Анықталған екі отбасыға «Аmanat партиясы» және ТОО «ЭкоЭкпресс Ақтөбе» компаниясы қол ұшын созып, азық‑түлікпен қамтамасыз етілді.
Қараша айында: «Буллинге жоқ дей аласынба?» тақырыбында 1 курс білім алушылары арасында сауалнама алынды.
Желтоқсан айында: Колледждегі девиантты мінез-құлықты білім аълушылармен жеке әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Отбасы жағдайы төмен білім алушыларға материалдық қолдау көрсету мақсатында «Қайырымдылық-ізгі ниетпен» қайырымдылық акциясын ұйымдастырылды.