Семинардың мақсаты — оқытушылардың электрондық платформаларды тиімді қолдану дағдыларын дамыту және білім беру процесін цифрландыруға енгізілген жаңа құралдармен таныстыру болды.

Семинар барысында СІS (Student Information System) және ҰСТАЗ платформаларының мүмкіндіктері, функционалдық ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері түсіндірілді. Оқытушыларға платформалар арқылы оқу процесін басқару, студенттердің оқу жетістіктерін бақылау, бағалау және құжаттаманы жүргізу әдістері көрсетілді.

Сонымен қатар, практикалық бөлімде оқытушылар өздеріне қажетті мәселелер бойынша нақты сұрақтар қойып, платформаларды қолданудың тиімді тәсілдерін тәжірибеде көріп, үйренді. Семинар нәтижесінде қатысушылар өздерінің цифрлық сауаттылығын арттырып, білім беру саласындағы жаңа технологияларды қолдану дағдыларын игерді.

Бұл шара колледж оқытушыларының кәсіби дамуына және жаңа ақпараттық технологияларды білім беру процесінде пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.