«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында колледж студенттері арасында «Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес берем» атты тақырыпта кітаптарды талқылау шарасы өткізілді.

Бұл іс-шара барысында студенттер өздері сүйіп оқыған және есінде қалған кітаптарымен бөлісіп, әрқайсысы өз тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік алды.

Студенттер кітап оқудың адам өміріне қосатын пайдасын және өздерінің сүйікті туындыларын атау арқылы басқа студенттерге оқуға кеңес берді.

Жоба студенттердің оқуға деген құштарлығын арттырып, кітапхана қорын кеңейтуге де септігін тигізді.