«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Біз – оқуға құштар буынбыз» атты тақырыпта студенттер арасында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған шара өткізілді. Бұл іс-шара студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және оқудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Студенттер өздерінің сүйікті кітаптары мен авторларымен бөлісіп, оқудың адам өміріндегі маңыздылығын атап өтті. Жоба жастарды мәдениетке баулып, білімге деген ынтаны арттыруға ықпал етті.