«Бірінші байлық - денсаулық» деп дана халқымыз айтқандай болашақ еліміздің, әрбір азаматын зиянды әдеттерден ішімдік, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігіне түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу. Осы орайда Қобда аудандық ауруханасынан ЗОЖ дәрігер Утепов А.А. және колледж медбикесі Жанабаева А.П. колледж білім алушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында жаман әдеттерден аулақ жүру керектігі түсіндіріліп, студенттер көптеген мағлұматтар алды. Сұрақтарын қойып, білім алушылар жауаптарын алды.
Ұйымдастырған: ЗОЖ дәрігер Утепов А.А., колледж медбикесі Жанабаева А.П.