Қобда көпсалалы колледжінде “Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес” тақырыбында білім алушылармен кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық КТІЖ комиссия хатшысы Н.Вольф, аудандық ПБ-нің әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты А. Курпешева қатысты.
Қазіргі таңда қоғамда шешілмей отырған маңызды мәселелердің бірі – отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық. Жалпы, зорлық-зомбылықтың құрбандары көбінесе әлсіз топтар – балалар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер болып табылады. Бұл жағдайлардың негізгі себептері – қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі.
Кездесу барысында осы өзекті мәселе кеңінен талқыланып, білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауаптар алды.