Қобда көпсалалы колледжінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Лудомания және нашақорлық дерті” тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинарға “Сүйеніш бағыты” қоғамдық қорының құрылтайшысы, коучинг-лектор, тәжірибелі психолог Байменшина Әдемау Амангелдіқызы төрағалық етті. Сондай-ақ, шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Қылышбаева, аудандық полиция бөлімінің ПКБ-нің жедел уәкілі Ә.Қазбеков, қоғамдық бірлестік өкілдері, жас мамандар мен жоғарғы сынып оқушылары, колледж студенттері қатысты.
Тренинг барысында қоғам дертінің салдары мен оның алдын алу жолдары талқыланып, пайдалы кеңестер берілді. Қатысушылар интерактивті жаттығуларға қатысып, өз ойларымен бөлісті. Семинар соңында кофе-брейк ұйымдастырылып, мотивациялық бейнероликтер көрсетілді. Шара қатысушылары ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.