«Қарттарымыз – асыл қазыналарымыз» деген сөздің мәні терең, себебі қарттар — бізге өмірлік тәжірибе, білім мен даналықты ұсынады. Қарттарымызды құрметтеу — біздің міндетіміз әрі парызымыз. Қобда көпсалалы колледжінің студенттері қарттардың есік алды қарларын тазартуға көмектесіп, үлкен ізгі іс атқарды. Бұл жай ғана көмек емес, олар қарттарға құрмет көрсетіп, олардың өмірін жеңілдетуге және көңілдерін көтеруге үлес қосты.
Осындай әрекеттер тек қоғамның рухани тұрғыдан дамуына ғана емес, жастар мен аға буын арасында жылы қарым-қатынастың орнауына да әсер етеді. Қарттарға көмектесу — жастардың бойында жауапкершілік, мейірімділік және өзара құрмет сияқты құндылықтарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастырған: Жатақхана меңгерушісі – Ж.А. Тлеубергенова және тәрбиеші – А.М. Асылова