Студенттердің ішкі жан дүниесін түсіну мақсатында сауалнама алу олардың психологиялық жай-күйін, мүдделерін және өмірге деген көзқарасын анықтауға мүмкіндік береді. Жатақханадағы студенттердің арасындағы қарым-қатынасты нығайту, олардың мәселелерін түсіну және шешуге көмектесу үшін мұндай сауалнамалар маңызды рөл атқарады.

Сауалнамалар арқылы студенттердің эмоциялық жағдайын, қандай қиындықтармен кездесіп жатқанын және не нәрсеге көбірек көңіл бөлу қажет екенін білуге болады. Бұл өз кезегінде студенттерге психологиялық қолдау көрсету немесе жатақхана ішіндегі атмосфераны жақсарту үшін қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Өткізген: Асылова А.М. мен Изтлеуова А.Ж.