Достық қатынастары студенттік өмірде ең бағалы әрі маңызды нәрселердің бірі болып табылады. Студенттік кезеңде достар көп жағдайда қиын сәттерде қолдау көрсетіп, қуанышты сәттерде бірге бола алатын сенімді серіктерге айналады. Әрбір студенттің өмірінде осындай достық қатынастар ерекше орын алады, себебі осы кезеңде көптеген эмоциялар мен өмірлік оқиғалар орын алады, олар адамдарды жақындата түседі.

Тренингтің мақсаты – студенттер арасында достықты нығайту, өзара сенімділік пен түсіністік орнату. Осы арқылы олар бір-бірін жақсырақ таниды, көмек көрсету және қолдау білдіру қабілеттерін арттырады. Сонымен қатар, бұл тренингте достықтың маңызы, жақсы дос болудың жолдары және қиын сәттерде бір-біріне қалай көмектесуге болатыны туралы пікір алмасулар жүргізілді.

Студенттерге достарының кім екенін, қандай қасиеттері болу керектігін түсініп, олармен қарым-қатынас жасауға деген сенімділік артты. Тренинг барысында әр студент өзінің досы туралы ойларын ортаға салып, достық қатынастардың маңыздылығын және оларды бағалаудың қажеттілігін атап өтті.

Бұл тренинг студенттер үшін тек достықтың маңыздылығын түсінуге ғана емес, сонымен қатар болашақта өзара қарым-қатынастарды дұрыс орнатуға да үлкен мүмкіндік берді.

Тәрбиеші: Асылова А.М.