Семинар барысында Көкшетау облысында ауылшаруашылық саласындағы «Ауылшаруашылық механикаландыру» және «Слесарлық ісі» құзыреттіліктері бойынша Республикалық кәсіби шеберлік конкурсын ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтылды. Өндірістік оқыту шеберлері А.Ауэзов, А.Калдымуратов және Е.Сеилов осы бағытта өз тәжірибелерімен бөлісіп, тыңдаушыларға құнды кеңестер мен ұсыныстар ұсынды.

«Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тәсілдері: «біліктілік арттыру курсының тәжірибелері» тақырыбында А.Утепбаев, Ю.Гаврилова, А.Утепбаева «TALAP» КЕАҚ және А.Асылова «ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ ұйымдастырылған біліктілік арттыру курсына қатысып, алған білімдерімен бөлісіп, тәжірибелерімен алмасу мүмкіндігіне ие болды.

«Колледждерге ERG» бағдарламасы аясында Қытай елінің Шаньси провинциясында өткен шетелдік тағылымдамаға қатысқан арнайы пәндерінің оқытушысы Т.Койбагаров тәжірибе барысында халықаралық білім беру жүйесіндегі жаңа әдістермен танысып, өз кәсіби біліктілігін арттырды.

Бұл семинар педагогтер үшін кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға және жаңашыл педагогикалық әдістерді өз жұмысында қолдануға мүмкіндік туғызды.

Семинар соңында колледж әдіскері Г.Жумагалиева «Сила, которая меняет будущее» атты тренинг жүргізді.