Конкурстың мақсаты: слесарлық ісі бойынша педагогтерді анықтау, педагогикалық шеберлікті жетілдіру, ТжКБ ұйымдарының талантты, дарынды, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну, танымал ету және облыстық кезеңнің жеңімпазын анықтау.
Конкурс WorldSkills International стандарттарына сәйкес теориялық және практикалық кезең бойынша өткізілді. Әр модульде комиссия мүшелері қатысушылардың материалдарын бағалап, сараптап ұпай саны сәйкес, төмендегідей қорытынды шығарды:
І орын – Сеилов Ерсұлтан Ерланұлы, «Қода көпсалалы колледж»
Ағымдағы жылдың қазан айында Ақмола облысында өтетін республикалық кезеңге Сеилов Ерсұлтан Ерланұлы жолдама алды.