2025 жылғы 29 қаңтар күні Қобда көпсалалы колледжінде «Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасын өнеркәсіптік пайдалануға енгізу» және 2025 жылы педагогтерді аттестаттаудан өткізу мәселелері бойынша ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Семинар барысында колледж педагогтеріне Ұлттық платформаның мүмкіндіктері, оның кәсіби даму процесіндегі рөлі және аттестаттау талаптары туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, аттестаттау кезінде педагогтерге қойылатын талаптар, құжаттаманы рәсімдеу тәртібі, оқу үдерісінің сапасын арттыру үшін атқарылатын жұмыстар мен жаңа өзгерістер талқыланды.