Қобда көпсалалы колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының, «Аспазшы» біліктілігінің III курс 26 топ студенттері өндірістік тәжірибеден өту үшін әртүрлі мекемелерде тәжірибе жинақтауда. Тәжірибе кезеңінде білім алушылар тәжірибелі мамандардың бақылауында жұмыс істеп, асхана ісінің қыр-сырын үйренуде.

Өндірістік тәжірибеден өту барысында студенттер мына мекемелерде тәжірибе жинақтауда:

  • Конбаева Аяулым Айбулатовна - «Соленые озера» асханасында.
  • Ешмуханова Бибигуль Айбулатовна - «Соленые озера» асханасында.
  • Жуйкова Наталья Николаевна - «Мансур» кафесінде.
  • Темирбекова Александра Саматовна - Коктоғай негізгі мектебінің асханасында.
  • Растворова Полина Дмитриевна - Кемпинг «Мерей» базасында.
  • Сарбулина Гүлназ Бахичанқызы - «САР-ЖАН» жеке кәсіпкерінің кафесінде.

Бұл өндірістік тәжірибе студенттерге нағыз маман болып қалыптасу үшін қажетті дағдылар мен практикалық білімдерге ие болуға мүмкіндік береді. Оқытушылар мен тәлімгерлердің көмегімен, студенттер заманауи асхана ісін үйреніп, өздерінің кәсіби біліктілігін арттыруда.