«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында бүгін біздің колледж жатақханасында тұратын білім алушылармен бірге «Бір колледж – бір кітап» тақырыбында аудандық кітапханаға ерекше экскурсия ұйымдастырылды. Бұл іс-шара студенттердің әдеби білімін кеңейту, рухани дамуына үлес қосу және кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Студенттер кітапхананың бай қорымен танысып, сүйікті кітаптарын тауып, оқуға деген ынталарын арттырды. Мұндай іс-шаралар жастардың мәдени көзқарасын кеңейтуге және оқу мен білімге деген қызығушылығын нығайтуға үлкен септігін тигізеді.

Өткізген: кітапханашы Изтлеуова А.Ж., жатақхана тәрбиешісі Асылова А.М.