Қобда көпсалалы колледжінің медбикесі Жанабаева А. П. жатақханада білім алатын студенттерге «Тері ауруларының алдын алу» тақырыбында түсініктеме жұмыстары жүргізді. Түсіндіру барысында тері ауруларының адам өміріне келтіретін зияны мен олардың алдын алу шаралары туралы айтылып, студенттер қойылған сұрақтарға жауап алды.
Бұл шара студенттердің денсаулығына қамқорлық көрсету, гигиеналық дағдыларын қалыптастыру және тері ауруларының алдын алу туралы ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылды.