Қобда көпсалалы колледжінде «Құқықтық мәдениет – қоғам қауіпсіздігі негізі» тақырыбында кездесу өтті. Шараға Қобда ауданының полиция бөлімі КТІЖ инспекторы А.Б. Нұртазин қатысты. Бұл кездесу барысында білім алушылар құқықтық мәдениет пен қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығы жөнінде пайдалы ақпарат алды. Инспектор құқықбұзушылықтың алдын алу, заңдарды сақтау, жеке қауіпсіздік шаралары сияқты өзекті мәселелерді талқылап, студенттердің сұрақтарына жауап берді.