Қобда көпсалалы колледж базасында «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Қобда аудандық прокуратурасының аға прокуроры Қ.Қ.Юсупов, Қобда аудандық криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ә.С.Қазбеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Ж.Қылышбаева, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысының м.а Р.М.Амиргалиева қатысты.

Мұндағы мақсат – кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру. Сондай-ақ, қазіргі таңда белең алып келе жатқан нашақорлыққа итермелейтін жасырынды заттарды сату арқылы өз болашағына балта шабуға әкелетін заңсыз әрекеттер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға арнайы мамандардан нақты жауаптарын ала алды.