Шай ішу студенттермен бейресми жағдайда әңгімелесуге, қызықты оқиғалармен бөлісуге және студенттер арасында қарым-қатынас орнатуға жақсы жағдай жасайды. Мұндай жайлы ортада сөйлесу оңай, әрі студенттер бір-бірімен жақынырақ таныса алады. Шай ішу процесі адамдарды расслабляцияға шақырып, жатақханадағы күнделікті күйбең тіршіліктен алшақтатып, жайлы атмосфера қалыптастырады. Бұл студенттік өмірде өте маңызды, себебі кейде оқу мәселелерінен алаңдап, бір сәтке басымызды көтеріп, демалу керек болады.
Бұдан басқа, студенттер қазіргі заманғы трендтерден де қалыс қалмайды, сондықтан осындай кездесулер әрқашан қызықты әрі пайдалы болады.
Тәрбиеші: Асылова А.М.